жексенбі, 24 мамыр, 2026 11:53

Қазақстан және шетел ақпаратын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.

Байланыс

Туысы Ақбаянның балаларын қамқорлығына алу мүмкін емес екенін айтты

Туысы Ақбаянның балаларын қамқорлығына алу мүмкін емес екенін айтты
әлеуметтік желіден
"Қазір біреудің баласын біреу бақпайды".

Ақбаян Мұқанғалиеваның туысы оның бес баласын толық қамқорлығына алу мүмкін емес екенін мәлімдеді. Оның сөзінше, балалардың тағдырына қатысты шешім қабылдау қиынға соққан, деп хабарлайды Oimaqnews.kz Arasha.kz.сайтына сілтеме жасап.

«Қазір біреудің баласын біреу бақпайды. Өз балаңды бағу қиын. Ақбаян жазылып шықса оған көмектесер едік», - дейді Ақбаянның туысы. 

Еске салсақ, өткен жылдың желтоқсанында Атырауда бір отбасының төрт мүшесі жоғалып кеткен болатын. Кейін олардың сүйектері өз үйлерінің ауласынан табылған.

Тергеу мәліметінше, негізгі күдікті ретінде марқұмдардың күйеу баласы Сұлтан Сәрсемәлиев танылған. Кейін оның бұрынғы жұбайы Ақбаян Мұқанғалиева да күдікке ілініп, екеуі Индонезияда ұсталып, Қазақстанға экстрадицияланған.

Қазір олардың бес баласы мемлекет қамқорлығындағы мекемеде тәрбиеленіп жатыр. Психологтардың айтуынша, балалардың жағдайы тұрақты. Алайда олар ата-анасын жиі іздеп, сағынатынын айтып жүр.

Оймақ
Автор

Оймақ

Қазақстан және шетел ақпараттарын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.

Ұқсас жаңалықтар