«Маған ешкім ақша төлеген жоқ»: Айым Алтынбекова орамал тағу себебін түсіндірді.
- авторОймақ
- Бүгін, 18:02
- 85
Танымал блогер Айым Алтынбекова орамал тағуы мен кейін шешуіне қатысты әлеуметтік желіде тараған пікірлерге танымал подкастта жауап берді.
«Дінге өзім келдім. Ешкім итермелеген жоқ. Анам намазда, әкем намазда емес. Үйдегілер “намаз оқыңдар” деп айтқан емес. Ажырасудан кейін өзім діннен тыныштық таптым ба деп ойлаймын. Орамалға да ешқандай қысымсыз келдім. Сол сияқты, орамалды шешу де — өз шешімім», — деді ол.
Сондай-ақ Айым Алтынбекова әлеуметтік желіде өзі туралы түрлі әңгімелер тарағанын айтып, орамал таққаны үшін ақша алды деген ақпаратты жоққа шығарды.
«Блогерлерге төлейді деген секілді әңгімелер болды. Маған ешкім төлеген жоқ, одан бір тиын тапқан жоқпын», — деді блогер.
Ол бір кезеңде дінге қатты беріліп кеткенін де жасырмады. Блогердің сөзінше, сол уақытта музыка тыңдау, тойға бару секілді нәрселерден де бас тартқан.
«Орамал тақсаң, адамдар сені “мінсіз” көреді. Бірақ оның бәрі адамның сырт келбетіне байланысты емес. Қазір намазда емеспін, орамал тақпаймын. Бірақ кейде сол кезеңді сағынамын», — деді ол.
Бұдан бөлек, Айым Алтынбекова орамалды шешу туралы шешімді бір жыл бойы ойланғанын айтты. Оның сөзінше, бұл қадамға келу оңай болмаған.
Оймақ
Қазақстан және шетел ақпараттарын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.





