жұма, 15 мамыр, 2026 10:28

Қазақстан және шетел ақпаратын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.

Байланыс

Ақтауда полицей көлігімен баланы қағып кетті

Ақтауда полицей көлігімен баланы қағып кетті
Фото: ашық дереккөз
Сәби оқиға орнында көз жұмды

Ақтауда полицей қызметтік көлігімен аулада ойнап жүрген баланы қағып, бір жастан асқан сәби сол жерде жан тапсырған, деп хабарлайды КТК телеарнасы.

Телеарна дерегінше, баланың қасында әкесі де болған. Оқиға куәгерлерінің сөзінше, түс қайта шағын аудан ішіндегі ойын алаңқайында бір топ бала ойнап жүрген. 1,5 жастағы бала әкесінің жанында жүрген. Сол уақытта кішкентай бүлдіршін жолға шығып кеткен. Ал көлігін артқа жүргізген полиция қызметкері сәбиді байқамай қалған көрінеді.

"Менің көргенім бар ғой, мына жерде бала, машин келді да, артқа берді. Соның үстінде қақты. Ойбай дедім. Мына, әне жерде отырдым. Скамейкада отырдым, міне. Сөйтіп ол машинаны ана жерге қойып келді, иә. Уже бала қансырап жатыр. Басып кетті кәдімгі. Сосын әкесі келді бір кезде. Сол ана подьезде тұрады екен. Көтеріп алып кетті. Басқа көрген-білгенім жоқ. Мана айттым таңертең қанды сүртіп ала қойыңдар деп едім. Ешқайсысы алмады.. Баланың қаны", - дейді оқиға куәгері Оразбай Сапарбаев (ред. - куәгердің сөзі өзгеріссіз берілді).

Маңғыстау облыстық полиция департаментінің мәліметінше, аталған оқиға бойынша қылмыстық іс қозғалған. Қазір көлік жүргізушісі уақытша ұстау изоляторына қамалыпты.

"Қазір қажетті тергеу амалдары жүргізілуде. Маңғыстау облысы Полиция департаменті қаза тапқан баланың туыстары мен жақындарына шын жүректен көңіл айтады. Полиция департаментінің басшылығы аталған оқиғаны ерекше бақылауға алды", - дейді Маңғыстау облысының полиция департаменті өкілдері.

Телеарна мәліметтеріне қарағанда, көлікті тізгіндеген жүргізушіден алкоголь немесе психотроптық заттарды қолдану белгілері анықталмаған. Полиция департаменті тергеу қорытындысы бойынша заңға сәйкес шаралар қабылданатынын хабарлады.

Оймақ
Автор

Оймақ

Қазақстан және шетел ақпараттарын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.

Ұқсас жаңалықтар