Олимпиада чемпионы, ҚР Еңбек сіңірген жаттықтырушысы, спорт саңлағы – Жақсылық Әмірәліұлы Үшкемпіров 1951 жылы 6 мамырда Жамбыл облысының Свердловск ауданы Дихан ауылында дүниеге келген. Бала кезінен спортқа жақын болған ол кейін грек-рим күресіне бет бұрып, аталған спорт түрінен КСРО-ға еңбек сіңірген спорт шебері атанды. 1980 жылы 29 жасында Мәскеу Олимпиадасында топ жарды.
Сондай-ақ, Жақсылық Үшкемпіров грек-рим күресінен әлем чемпионы (1981), Еуропа біріншілігінің күміс жүлдегері (1980), әлем кубогінің күміс жүлдегері (1982), екі дүркін КСРО чемпионы (1978, 1979) және КСРО халықтары Спартакиадасының жеңімпазы (1975) атанған.
Оймақ
Қазақстан және шетел ақпараттарын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.




