сенбі, 2 мамыр, 2026 13:29

Қазақстан және шетел ақпаратын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.

Байланыс

Алматыда жаппай төбелестен екі бала қаза тапты

Алматыда жаппай төбелестен екі бала қаза тапты
Сурет: Polisia.kz
Олар пышақ жарақатын алып, ауруханада көз жұмған.

Алматыда жаппай төбелестен кейін екі бала қаза тапты. Олар пышақ жарақатын алып, ауруханада көз жұмған, деп хабарлайды Oimaqnews.kz Arasha.kz.сайтына сілтеме жасап.

Полицияның мәліметінше, күдіктілер ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды.

«Жастар арасындағы жанжал кезінде орын алған кісі өлтіру дерегі бойынша тергеу басқармасы қылмыстық іс қозғады. Сонымен қатар, оқиғаға қатысушылардың барлығы анықталып, полицияға жеткізілгенін хабарлаймыз. Сотқа дейінгі тергеу аясында олардың әрқайсысының іс-әрекетіне, оқиғаға қатысу деңгейі мен рөліне құқықтық баға беріледі. Тергеу барысы ІІМ және Полиция департаменті басшылығының ерекше бақылауында», – деп хабарлады полиция.

Туыстарының айтуынша, төбелес түнде болған. Жасөспірімдердің бірі жанжалдан кейін «есеп айырысуға» барған, қасында досы болған. Оқиға орнына оншақты адамнан тұратын топ жиналған. Төбелес кезінде жігіттердің бірі пышақ шығарған. Бір баланы жүрегінен ұрған, ал екіншісі шабуыл жасаушының соңынан жүгірген кезде жарақат алған. Екеуі де қайтыс болды.

Қазіргі уақытта тергеу амалдары төбелеске қатысқан әрбір адамның рөлін анықтап жатыр.

Оймақ
Автор

Оймақ

Қазақстан және шетел ақпараттарын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.

Ұқсас жаңалықтар