дүйсенбі, 27 сәуір, 2026 21:08

Қазақстан және шетел ақпаратын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.

Байланыс

Доллар бағамы: жыл соңына дейін 540 теңгеге жетуі мүмкін

Доллар бағамы: жыл соңына дейін 540 теңгеге жетуі мүмкін
Freepik
Бұл туралы сарапшылар болжам жасады.

Жыл соңына қарай доллар бағамы 540 теңгеге дейін жетуі мүмкін. Мұндай болжамды Halyk Finance сарапшылары ұсынды, деп хабарлайды Oimaqnews.kz.

Аналитиктердің бағалауынша, егер мұнайдың орташа жылдық бағасы барреліне 85 долларға дейін төмендесе, ұлттық валютаның әлсіреуі ықтимал. Қазір Brent маркалы мұнай құны шамамен 101 доллар деңгейінде сақталып отыр. Дегенмен, Иран мен АҚШ арасындағы шиеленіс, сондай-ақ Ормуз бұғазының жабылу қаупі мұнай нарығындағы тұрақсыздықты күшейтіп отыр. Геосаяси факторлар «қара алтын» бағасының құбылмалы болуына әсер етіп, бұл өз кезегінде теңге бағамына тікелей ықпал етеді.

Сарапшылар теңгенің қазіргі нығаюын уақытша құбылыс ретінде бағалайды. Олардың пікірінше, ұлттық валютаның әлсіреуіне жоғары инфляция, мемлекеттік бағалы қағаздар нарығындағы шетелдік инвесторлар белсенділігінің төмендеуі және Ұлттық қордан сатылатын валюта көлемінің қысқаруы әсер етуі мүмкін. Бұдан бөлек, жаһандық нарықта доллар индексінің күшеюі де теңгеге қосымша қысым түсіреді.

Жалпы, алдағы кезеңде USD/KZT бағамының динамикасы мұнай мен металл бағасына, сондай-ақ негізгі сауда серіктес елдердің валюталық саясатына тікелей тәуелді болып қала береді.

Оймақ
Автор

Оймақ

Қазақстан және шетел ақпараттарын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.

Ұқсас жаңалықтар