дүйсенбі, 27 сәуір, 2026 17:04

Қазақстан және шетел ақпаратын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.

Байланыс

Қазақстан бокстан Әлем кубогында үш алтын жеңіп алды

Қазақстан бокстан Әлем кубогында үш алтын жеңіп алды
Ұлттық құрама қоржынында үш алтын, бір күміс және үш қола медаль бар.

Бразилияның Фос-ду-Игуасу қаласында World Boxing федерациясының ұйымдастыруымен өткен Әлем кубогының кезеңі аяқталды, – деп хабарлайды Oimaqnews.kz .

Финалдық кезеңнің кешкі сессиясында үш боксшымыз алтын жүлде үшін жұдырықтасты.

80 келіден жоғары салмақта Валерия Аксенова Венгрия өкілі Жофия Сирамен кездесіп, 5:0 есебімен айқын басымдықпен жеңіске жетті.

Сұлтанбек Айбарұлы 85 келіге дейінгі салмақта бразилиялық Кауе Белинимен қолғап түйістірді. Нәтижесінде отандасымыз 4:1 есебімен басым түсті.

Ал 65 келіге дейінгі салмақта Аида Әбікеева өзбекстандық Навбахор Хамидоваға 5:0 есебімен жол берді.

Нәтижесінде ұлттық құрама қоржынында үш алтын, бір күміс және үш қола медаль бар.

Айта кетейік, бұған дейін Виктория Графеева (60 келіге дейін) жеңімпаз атанса, Алуа Балқыбекова (51 келіге дейін), Жібек Жарасқызы (80 келіге дейін), Диас Молжігітов (80 келіге дейін) жарысты қола жүлдемен аяқтады. Осылайша ұлттық құрама жалпы командалық есепте үшінші орынға жайғасты. Бірінші орынға Бразилия ие болса (4 алтын, 5 күміс), екінші орынға Қытай тұрақтады (4 алтын, 1 қола).

Оймақ
Автор

Оймақ

Қазақстан және шетел ақпараттарын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.

Ұқсас жаңалықтар