жұма, 24 сәуір, 2026 10:54

Қазақстан және шетел ақпаратын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.

Байланыс

Шымкентте ақша бопсалаған топ ұсталды

Шымкентте ақша бопсалаған топ ұсталды
видео скрин
Жедел уәкілдер бопсалаушыларды 3 мың АҚШ долларын беру сәтінде қолға түсірді.

Шымкентте полиция жергілікті тұрғыннан ақша бопсалаумен айналысқан топтың жолын кесті. Тексеру барысында ер адамның екі көлігін де заңсыз тартып алғаны анықталды, деп хабарлайды Oimaqnews.kz  қаланың ПД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Тергеу деректеріне сәйкес, күдіктілер ер адамға психологиялық қысым жасап, өздері келтірді деген жалған сылтаумен ақша талап еткен. Сонымен қатар олар оның көліктерін ешқандай заңды негізсіз иемденіп алған.

Жедел уәкілдер бопсалаушыларды 3 мың АҚШ долларын беру сәтінде қолға түсірді.

Іс бойынша төрт адам өтіп жатыр. Олар уақытша ұстау изоляторына қамалды. Тергеу барлық мән-жайды анықтап, олардың басқа да осындай қылмыстарға қатысы бар-жоғын тексеріп жатыр.

Полиция өкілдері қысым көрсету, бопсалау және кез келген жолмен заңсыз ақша талап ету қылмыстық жауапкершілікке әкелетінін ескертті.

 

Оймақ
Автор

Оймақ

Қазақстан және шетел ақпараттарын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.

Ұқсас жаңалықтар