жұма, 17 сәуір, 2026 12:36

Қазақстан және шетел ақпаратын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.

Байланыс

АҚШ әскері Сириядан кетті

АҚШ әскері Сириядан кетті
Фото: Aljazeera
Сирия билігі бұған дейін америкалық күштер орналасқан барлық әскери базаны өз бақылауына алды. Соңғы әскери колонна Хасеке провинциясындағы Касрак әуе базасынан шықты, деп хабарлайды Aljazeera.

Осылайша АҚШ-тың 2014 жылдан бері жалғасып келе жатқан әскери миссиясы аяқталды.

Нысандарды тапсыру үдерісі Вашингтонмен келісілген. Бұл процесс қараша айында Сирия президенті Ахмед аш-Шараа мен АҚШ басшысы Дональд Трамптың кездесуінен кейін жеделдей түскен.

Күрдтердің SDF қарулы құрылымдары енді ұлттық армия құрамына біріктірілмек. Дамаск Хасеке мен Камышлы қалаларына, сондай-ақ шекаралық аймақтарға бақылауды қайта орнатты.

Иранды қолдаушы топтардың шабуылынан сақтану үшін америкалық әскерлер Ирак арқылы емес, Иордания бағытымен шығарылған.

Бөлісу:
Оймақ
Автор

Оймақ

Қазақстан және шетел ақпараттарын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.

Ұқсас жаңалықтар