дүйсенбі, 13 сәуір, 2026 12:54

Қазақстан және шетел ақпаратын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.

Байланыс

Бірнеше мемлекетте коронавирустың «цикада» деген түрі тіркелді

Бірнеше мемлекетте коронавирустың «цикада» деген түрі тіркелді
Фото: ашық дереккөз
«Цикада» деп аталған штамм АҚШ-та, Гонконгта, Мозамбикте және Ұлыбританияда тіркелген. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы қазіргі уақытта 23 елде анықталған, қатты мутацияға ұшыраған Covid-19 штамына қатысты жағдайды бақылауда ұстап отыр.

Бұл штамм басқа түрлеріне қарағанда қауіпті деген нақты дәлелдер жоқ болғанымен, сарапшылар оның балалар арасында ересектерге қарағанда жиірек таралуы мүмкін екенін атап өтті.

BA.3.2 штаммы «Цикада» деп аталды, өйткені ол алғаш анықталғаннан кейін әлемнің кейбір бөліктерінде ұзақ уақыт «ұйқы» күйінде болған  бұл жер астында ұзақ уақыт ұйықтай алатын жәндікке ұқсас.

Өткен айда АҚШ-тың мемлекеттік мекемесі – Ауруларды бақылау және алдын алу орталығы бұл штамның 25 штатта анықталғанын хабарлады.

Хабарламада BA.3.2 штаммы төрт саяхатшының мұрнынан алынған талдаулардан, бес науқастан алынған медициналық тексеру нәтижелерінен және ағын сулардың 132 тексерісінен табылғаны айтылған.

ДДҰ бұл штаммды «бақылаудағы» санатқа енгізді. Ұйымның айтуынша, бұл оның «ерекше назар аударуды қажет етуі мүмкін» екенін білдіреді. Қазіргі уақытта мамандар оның жаһандық денсаулыққа қауіп төндіре ме, соны анықтап жатыр.

Оймақ
Автор

Оймақ

Қазақстан және шетел ақпараттарын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.

Ұқсас жаңалықтар