дүйсенбі, 13 сәуір, 2026 12:41

Қазақстан және шетел ақпаратын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.

Байланыс

Иманғали Тасмағамбетов танымал ақынның асына қатысты

Иманғали Тасмағамбетов танымал ақынның асына қатысты
ашық дереккөз
Темірхан Медетбектің жылдық асына жиналғандарға ақын жайлы қос кітап үлестірілді.

Алматы қаласында өткен танымал ақын Темірхан Медетбектің жылдық асында Иманғали Тасмағамбетов бой көрсетті, деп хабарлайды Oimaqnews.kz Politico.kz.сайтына сілтеме жасап. 
Жазушылар одағының мүшесі Серік Сейтманның әлеуметтік желіде жылдық астан жариялаған видеосынан оған Иманғали Тасмағамбетовтің де қатысып, сөз сөйлегенін көруге болады.

Сондай-ақ асқа Ақұштап Бақтыгерреева, Қазыбек Иса, Ұлықбек Есдәулет, Асхат Оралов секілді ақын-жазушылар мен қоғам белсенділері қатысқан.

«Бүгін Алматыда болдық. Қазақстанның Халық жазушысы, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты, «Ақиқаттың алдаспаны» атанған ақын, марқұм Темірхан Медетбек ағамыздың жылдық асын жүргізу бізге нәсіп болды. Көзі тірісінде ізінен ерген інісі ретінде көп қолдауын көрдік. Сол себепті Шолпан апай аттай қалап хабарласқан соң, қызмет етуді азаматтық парыз санадық. Бір әдемі, жып-жылы еске алу кеші өткендей болды»,– деді Серік Сейтман.

Оның айтуынша, Темірхан Медетбектің жылдық асына жиналғандарға ақын жайлы қос кітап үлестірілді. 

«Екеуі де жаңа. Екеуі де інілерінің демеушілігімен және редакторлығымен жарық көрген. Біріншісі – Серік Тәукебаевтың «Көк түрік – Темірхан». Екіншісі – Рақымғали Құл-Мұхаммед жазған «Ақиқаттың алдаспаны»,– деп жазды Серік Сейтман.

 

Оймақ
Автор

Оймақ

Қазақстан және шетел ақпараттарын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.

Ұқсас жаңалықтар