сәрсенбі, 8 сәуір, 2026 17:52

Қазақстан және шетел ақпаратын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.

Байланыс

Енесінің атына несие рәсімдеген: келіннің кінәсі дәлелденді

Енесінің атына несие рәсімдеген: келіннің кінәсі дәлелденді
istockphoto.com
Прокурор оған бір жыл бас бостандығынан айыру жазасын тағайындауды сұраған.

2025 жылдың қараша айында айыпталушы өз атына несие ала алмаған соң, жеке басы анықталмаған адамнан енесінің атына несие рәсімдеп беруді сұраған, деп хабарлайды Oimaqnews.kz turkystan.kz. сайтына сілтеме жасап.

Ол енесі бұл жағдайдан хабардар деп сендірген. Айыпталушы енесінің телефонын алып, растау кодын айтып, алдау арқылы енесінің атынан онлайн-верификациядан өткен.

Осылайша келін 1,5 миллион теңге көлемінде несие рәсімдеп, оның басым бөлігін жеке қажеттіліктеріне жұмсаған. Ал енесі несие рәсімделгенін тек ай сайынғы төлемдер туралы хабарламалар келе бастағанда ғана білген.

Сотта келіннің кінәсі дәлелденді. Өзі де кінәсін мойындап, істеген ісіне өкінетінін айтты. Соған қарамастан, прокурор оған бір жыл бас бостандығынан айыру жазасын тағайындауды сұраған.

Алайда сот кінәні мойындау, өкіну және кәмелетке толмаған балаларының бар екенін жеңілдететін мән-жай ретінде ескеріп, айыпталушыға бір жыл бас бостандығын шектеу жазасын тағайындады.

«ҚР ҚК 190-бабының 1-бөлігі (“Алаяқтық, яғни бөтеннің мүлкін жымқыру немесе алдау не сенімге қиянат жасау арқылы бөтеннің мүлкіне құқық алу”) бойынша жаза ретінде 1000 АЕК-ке дейін айыппұл салу, сол мөлшерде түзеу жұмыстары, 600 сағатқа дейін қоғамдық жұмыстарға тарту, не екі жылға дейін бас бостандығын шектеу немесе айыру қарастырылған», – деп түсіндірді сотта.

Сондай-ақ сот ененің 1,5 миллион теңге көлеміндегі материалдық шығынды өндіру туралы талап-арызын қанағаттандырды.

 

Оймақ
Автор

Оймақ

Қазақстан және шетел ақпараттарын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.

Ұқсас жаңалықтар