дүйсенбі, 6 сәуір, 2026 19:30

Қазақстан және шетел ақпаратын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.

Байланыс

«Таза ел – саналы ұрпақ» – саналы ұрпақ»: Астанада бүлдіршіндерге арнап танымдық-экологиялық іс-шара ұйымдастырылды

«Таза ел – саналы ұрпақ» – саналы ұрпақ»: Астанада бүлдіршіндерге арнап танымдық-экологиялық іс-шара ұйымдастырылды
gov.kz
Астанада Қуыршақ театрында «Таза Қазақстан» акциясы аясында «Таза ел – саналы ұрпақ» атты балаларға арналған танымдық-экологиялық іс-шара ұйымдастырылды, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.

Театр әртістері балаларға тазалықтың маңызы тек қоғамдық орындарда ғана емес, әрбір үйде де сақталуы керектігін түсіндірді. Сонымен қатар, бүлдіршіндерге сұрақтар қойылып, олардың ой-өрісін дамытуға бағытталған тапсырмалар ұсынылды.

Ойын барысында балалар бірнеше командаға бөлініп, жылдамдық пен тапқырлықты талап ететін сайыс бойынша бақ сынасты. Әр топ театр әртістері дайындаған тапсырмаларды орындап, ұйымшылдықтарын көрсетті.

 

«Астана қалалық Қуыршақ театрында үш жылдан астам уақыттан бері еңбек етіп келемін. Бүгін біз кішкентай көрермендерімізбен бірге «Таза Қазақстан» акциясын қолдау мақсатында арнайы ойындар ұйымдастырып отырмыз. Бұл ойындар арқылы балаларды елімізді таза ұстауға, табиғатты құрметтеуге баулуды көздейміз. Мәселен, балаларға жерде жатқан қоқысты арнайы жәшікке тастау, табиғатты күтіп-баптау, ағаштарды қалай дұрыс өсіру керектігі түсіндіріледі. Біз ойын арқылы олардың бойына осындай маңызды да пайдалы қасиеттерді сіңіруге тырысамыз», – деді театр әртісі Сая Бидарқызы.

Ұйымдастырушылардың айтуынша, «Таза ел – саналы ұрпақ» секілді бастамалар жас ұрпақтың табиғатқа жанашырлықпен қарап, тазалықты өмір салтына айналдыруына ықпал етеді.

Оймақ
Автор

Оймақ

Қазақстан және шетел ақпараттарын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.

Ұқсас жаңалықтар