бейсенбі, 2 сәуір, 2026 0:39

Қазақстан және шетел ақпаратын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.

Байланыс

"Мен оған көмектеспеймін және көмектесе де алмаймын": Мұрат Әбенов Молдахан ісіне қатысты пікір білдірді

"Мен оған көмектеспеймін және көмектесе де алмаймын": Мұрат Әбенов Молдахан ісіне қатысты пікір білдірді
Arasha.kz коллажы
Депутат Молдаханды қамауға алуға заңды әрі жеткілікті негіздер бар екенін атап өтті.

Мәжіліс депутаты Мұрат Әбенов қамауға алынған блогер әрі заңгер Әділетхан Молдаханға қатысты өз позициясын білдірді, деп хабарлайды Oimaqnews.kz Arasha.kz.сайтына сілтеме жасап.

Депутаттың айтуынша, ол ұсталған азаматқа қолдау көрсете алмайды. Бұған дейін бұл істі жеке бақылауына алғанын айтқан мәжілісмен, қазіргі таңда қоғамдағы пікірталасқа қарамастан, Молдаханды қамауға алуға заңды әрі жеткілікті негіздер бар екенін атап өтті.

"Мен оған көмектеспеймін және көмектесе де алмаймын. Бұған менің ешқандай құқығым жоқ. Қоғамнан өтініш түскеннен кейін, оның қаншалықты заңды түрде ұсталғаны жөнінде сауал жолдадым. Маған берілген ақпарат бойынша, оны ұстаудың нақты әрі заңды негіздері бар. Бұл істің бүге-шүгесіне дейін хабардармын, бірақ жария етуге қақым жоқ. Оның заңсыз ұсталғаны туралы ешқандай дерек келіп түскен жоқ", – деді Мұрат Әбенов.

Еске салайық, танымал заңгер әрі блогер Әділетхан Молдахан 30 наурыз күні Алматыда "көрінеу жалған ақпарат таратты" деген күдікпен ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалған еді. Қазіргі уақытта тергеу жұмыстары жалғасып жатыр.

Оймақ
Автор

Оймақ

Қазақстан және шетел ақпараттарын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.

Ұқсас жаңалықтар