"Осы жерде менің отбасымның тарихы басталған": Данияр Елеусінов әсерлі жазба жариялады
- авторОймақ
- 30 наурыз, 2026
- 18
Боксшы Данияр Елеусінов әлеуметтік желі қолданушыларын назарын өзіне аударды, деп хабарлайды Oimaqnews.kz turkystan.kz.сайтына сілтеме жасап.
Ол өзінің парақшасында Алматы қаласына деген махаббатын жеткізген.
"Алматы мен үшін жай ғана қала емес. Бір кезде дәл осы жерде менің ата-анам танысқан. Осы жерде менің үлкен әпкем дүниеге келген. Осы жерде менің отбасымның тарихы басталған. Менің анам осы жердің тумасы, бәлкім, сондықтан да бұл қаламен менің ерекше байланысым бар, оны сөзбен жеткізу мүмкін емес. Әр келген сайын, өзімді туған жерімде жүргендей сезінемін. Сол бір бөлшегім әрқашан осында болғандай. Бүгінде мен өз жолыммен келемін — бокс, жұмыс, блог…Бірақ түп тамыр бір. Алматы мәңгі жүрегімде!", - деп жазды спортшы.
Оймақ
Қазақстан және шетел ақпараттарын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.
Ұқсас жаңалықтар
Руслан Құрбанов семсерлесуден Әлем кубогында ел қоржынына медаль салды
- авторОймақ
- 29 наурыз, 2026





