Қазақстан қор биржасындағы күндізгі сауда қорытындысы бойынша доллардың орташа сараланған бағамы 478,77 теңгені құрап, 2,7 теңгеге төмендеді, деп хабарлайды Oimaqnews.kz turkystan.kz.сайтына сілтеме жасап.
Қазақстан Республикасы Ұлттық банкінің (National Bank of Kazakhstan) 31 наурызға белгіленген ресми доллар бағамы — 481,54 теңге.
Kurs.kz сайтының мәліметінше, қазіргі уақытта Алматы қаласындағы айырбастау пункттерінде долларды сатып алу орташа есеппен 476,57 теңге, сату — 479,1 теңге. Астана қаласында долларды орташа 475,03 теңгеден сатып алып, 482,03 теңгеден сатады. Ал Шымкент қаласында долларды орташа 478,23 теңгеден сатып алып, 480,32 теңгеден сатуда.
Еске салайық, 16 наурыздағы күндізгі сауда қорытындысы бойынша доллардың орташа сараланған бағамы 4,49 теңгеге төмендеді, 17 наурызда 6,59 теңгеге төмендеді, 18 наурызда 3,2 теңгеге өсті, 19 наурызда 0,23 теңгеге төмендеді, 20 наурызда 0,38 теңгеге өсті, 26 наурызда 0,05 теңгеге төмендеді, 27 наурызда 0,63 теңгеге өсті, ал 30 наурызда 1,35 теңгеге төмендеді.
Оймақ
Қазақстан және шетел ақпараттарын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.






