сейсенбі, 31 наурыз, 2026 12:13

Қазақстан және шетел ақпаратын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.

Байланыс

Дзюдошысы Еуропа кубогында алтыннан алқа тақты

Дзюдошысы Еуропа кубогында алтыннан алқа тақты
Фото:Qazteam
Хорватияның Дубровник қаласында дзюдодан ересектер арасында өтіп жатқан Еуропа кубогында ел қоржынына алғашқы алтынды Данияр Шамшаев салды.

Еске салсақ, Данияр Шамшаев ұзақ уақытқы үзілістен кейін татамиге оралып отыр. Ол 2024 жылы Париж Олимпиадасында белдесіп, жүлдеге іліне алмаған.

73 келіде сынға түскен отандасымыз іріктеу кезеңінде Хорватия, Аустрия және Венгрия балуандарынан айласын асырды. Ал жартылай финалда жергілікті дзюдошы Адам Калацты тізе бүктірді. Ақтық сында франциядық Максим Гобертті шаң қаптырды.

Бұдан өзге 60 келіде Дамир Болатбеков финалға жолдама алған еді. Алайда ол шешіэуші сында сүрініп күміс медаль еншіледі.

Сондай-ақ әйелдер арасында +78 келідегі жерлесіміз Толқын Тұрсынақынова ширек финалда бастап, Хорватия өкілі Леона Никетичті жеңді. Бірақ ол жартылай финалда молдовалық Оксана Диаценкоға есе жіберді. Дегенмен қола медаль үшін хорват қызы Стелла Ловаковичті жеңіп, үздік үштіктің қатарынан көрінді.

Осылайша Қазақстан қоржынына алғашқы жарыс күні 1 алтын, 1 күміс, 1 қола жүлде түсті.

Айта кетейік, айтулы жарысқа 32 елден 305 дзюдошылар өзара мықтыны анықтауда.

Оймақ
Автор

Оймақ

Қазақстан және шетел ақпараттарын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.

Ұқсас жаңалықтар