сейсенбі, 31 наурыз, 2026 12:13

Қазақстан және шетел ақпаратын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.

Байланыс

Шымкентте баласы әкесін аман қалып қалды

Шымкентте баласы әкесін аман қалып қалды
Фото: видеодан скрин
Шымкент қаласындағы №1 қалалық клиникалық ауруханада бүйрек трансплантациясы бойынша 248-ші ота жасалды.

Қалалық денсаулық сақтау басқармасының  мәліметінше, баласы өз бүйрегін беріп, әкесінің өмірін құтқарып қалды.

Реципиент, яғни донордан ағзаны алған адам 2024 жылдан бері созылмалы бүйрек жеткіліксіздігі диагнозымен диспансерлік есепте тұрған. 2025 жылдан бастап гемодиализге тәуелді болған.

“Донор мен реципиенттің медициналық көрсеткіштері сәйкес келіп, трансплантация отасы сәтті өтті. Қазір науқастардың жағдайы жақсарып, үйлеріне шығарылды”, – делінген хабарламада.

Ведомствоның мәліметінше, бүгінгі күнге дейін Шымкентте 35 бауыр трансплантациясы және 248 бүйрек трансплантациясы жасалған.

Оймақ
Автор

Оймақ

Қазақстан және шетел ақпараттарын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.

Ұқсас жаңалықтар