"Қуат Әбіловтың бейнежазбасында жалған ақпараттар таратылған": BayanSulu желіде басынан өткен оқиғасын баяндады
- авторОймақ
- Бүгін, 21:48
- 58
Әнші BayanSulu әслеуметтік желіде басынан өтіп жатқан оқиғалар жайлы ой бөлісті, деп хабарлайды Oimaqnews.kz turkystan.kz.сайтына сілтеме жасап.
Ол Қуат Әбіловтың бүгін интернетте жариялаған видеосына қатысты пікір білдірген. Сонымен қатар оны жалған ақпарат таратты деп айыптап отыр.
"Қайырлы кеш! Барлықтарыңызға сәлем! Видеоны ағалар өз сөзін толық айтып алсын деген оймен кеш салып отырмын. Өйткені менің айтатын сөзім өте ұзақ. Бірінші мәселе: бүгінгі Қуат Әбіловтың маған жолдаған бейнежазбасында жалған ақпараттар таратылған. Ол жала жауып отыр. Себебі, ол көрсетіп тұрған қағаз әнге мүлде қатысы жоқ құжат. Ол жерде менің абыройым, өзімнің жеке құқығымды қорғауға арналған құжаттар еді. Сондықтан ол кісіге жалған ақпарат таратқаны үшін заң жүзінде шара қолданамыз. Екінші мәселе: әндерге келер болсақ, мен ол туындылардың төлемін жасаудан ешқашан бас тартқан жоқпын. Келісілген бағадан төлемақы үш есе ұлғайып кеткендіктен менің қалтам ол ақшаны көтере алмады. Бірақ кеше біз Қуат Әбіловпен нақты бір суммаға келісіп кеткен едік. Екі сағаттың ішінде біз оған келісім шартты әкеліп бердік. Бірақ сол кезде ол өз ойынан айнып қалғанын және әндерді бүкіл жерден өшіртетінін айтты. Үшінші мәселе: әндердің құқығы. Мен осыдан екі жыл бұрын жек клиент ретінде өз ақшаммен Қуат Әбіловтың қаламақысын төлеп, "Ұмытсам да" әнін сатып алғанмын. Дегенмен ол ән бір жыл бойы ешқайда шықпай, менде тұрды", - деді BayanSulu.
Сондай-ақ ол өз мансабын жасау барысында қандай қателікке бой алдырғанын да жасырмады.
"Менің қателігім, ол әндерді сатып алған кезімде келісім шарт жасамауымда болды. Бірақ ақша аударымдары, счет номерлері сақталған. Сол әнді былтырғы көктемде менің бұрынғы продюсерім Әлішер Бурханов естіп ұнатады. Сосын сол әнді видео форматта жазып, түсірілім жасап, халыққа тыңдатуға ұсыныс тастайды және оған өзі көмектесетінін айтады. Солай ол ән тыңдармандардың жүрегіне жетіп, үлкен хит болады. Бұл үшін тыңдармандарыма рахмет! Сол кезде Қуат Әбілов маған хабарласады. Бұл әннің хит болуымен құттықтап, бізді студияға шақырып, егер жаңа ән іздеген болсақ, бізбен бірге жұмыс істеуге әзір екенін жеткізеді. Осылайша, мен сол кезде Әлішер Бурхановпен келісім шартқа отырамын. Яғни, продюсер және әртіс ретінде біз келісімге келеміз. Содан кейін студияға барамыз. Сол кезде Қуат Әбілов пен Әлішер Бурханов әндерге өзара келісім жасайды. Менің естуім бойынша Әлішер Бурханов Қуат Әбіловке өзінің бюджеті аз болғандықтан кейін еңбек ақталған соң қымбат силықтар арқылы және ақшалай оған қайтарамын деп келіскен. Нәтижесінде оған макбук сыйлап, ақшалай алғыс айтып жатқанын да өз көзіммен көрдім. Мен әртіс ретінде ол мәселеге араласа алмадым. Өйткені оның бәрі продюсердің жұмысы еді. Ал "Ұмытсам да" әні толықтай менің әнім. Негізі болып жатқан бұл мәселелердің барлығы, өздеріңіз естігендей, мен продюсермен жұмысымды тоқтатқаннан кейінгі оқиғаларға қатысы бар. Бірақ көп құпиялар мен үлкен мәселе бар. Кейіпкерлер бар. Оның бәрін кейін айта жатармын. Маған неше түрлі пікірлер, жазбалар келіп жатыр. Мені қолдап жатқан адамдар да бар. Сіздерге көп-көп рахмет! Бұл жерде сіздер білмейтін үлкен мәселе бар. Ол мәселені жақында дәлелдермен, соттың үкімімен көрсететін боламын. Оған дейін күтіңіздер", - деді әнші.
Оймақ
Қазақстан және шетел ақпараттарын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.





