Қарағандыда Олимпиада чемпионы Данияр Елеусіновтың әйелі Саида Елеусіноваға қатысты қылмыстық іс қозғалды, деп хабарлайды Oimaqnews.kz
Azattyq Rýhy редакциясының сұрауына ресми жауап берген Қарағанды облыстық полиция департаменті бұл шешімнің себеп-салдарын айтты. Оқиға наурыз айының басында орын алған тұрмыстық жанжалға байланысты. Жәбірленушілер Саида Елеусінованың оларға физикалық күш қолданғанын айтса, әйел бұл жағдайды қарапайым даулы жанжал ретінде түсіндіріп, көршілердің күйеуінің аты-жөнін пайдаланып, конфликтіні ушықтырғанын мәлімдеді. Екі тарап та бір-біріне шағымданған. Майқұдық полиция бөлімінде ҚР ҚК-нің 108-1-бабы («Аса жеңіл денсаулыққа зиян келтіру») бойынша екі алдын ала тергеу тіркелді. Тергеу барысында бірнеше сот-медициналық сараптама тағайындалды.
Сараптама қорытындысына сәйкес процессуалдық шешімдер қабылданады. Құпиялылық ережелеріне сәйкес тергеу аяқталғанға дейін қосымша мәлімет жарияланбайды. Егер Саида Елеусінованың кінәсі дәлелденсе, оған келесі жазалардың бірі қолданылуы мүмкін: 200 айлық есептік көрсеткішке дейін айыппұл, сол мерзімге түзету жұмыстары, 200 сағатқа дейін қоғамдық жұмыстар немесе 50 күнге дейін әкімшілік қамау.
Оймақ
Қазақстан және шетел ақпараттарын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.






