жексенбі, 29 наурыз, 2026 18:20

Қазақстан және шетел ақпаратын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.

Байланыс

"Әлемдегі ең сұлу адам": Жазира Байырбекова құдағиы туралы әсерлі жазба жариялады

"Әлемдегі ең сұлу адам": Жазира Байырбекова құдағиы туралы әсерлі жазба жариялады
Әнші бұл туралы әлеуметтік желідегі парақшасында бөлісіп, құдағиына деген ерекше ықыласын жеткізді.

Әнші Жазира Байырбекова көпшіліктің назарын аударған құдағиы туралы әсерлі жазба жариялады, – деп хабарлайды Oimaqnews.kz Aikyn.kz сайтына сілтеме жасап.

Әнші бұл туралы әлеуметтік желідегі парақшасында бөлісіп, құдағиына деген ерекше ықыласын жеткізді.

«Менің құдағиым Лиза Ахметова – әлемдегі ең сұлу құдағи. Осыдан 20 жыл бұрын бір жиында аяғы ауыр жас келінді көріп, сұлулығына таңғалған едім. Сол кезде оның болашақта менің құдағиым боларын, ал құрсағындағы сәби менің келініме айналарын ойламаппын.

Құдағиым – достарымыз Бақытгүл мен Дәуреннің, өнердегі ініміз Кенжебек пен Жәмиланың келіні. Той керемет өтті десе қуанып, дұрыс болмады десе көңіл түседі. Той алдында да, өткеннен кейін де уайымдайды екенсің», – деп жазды ол.

Айта кетейік, Жанболат пен Жазираның құда-құдағиы сымбатымен көпшілікті сүйсіндіріп, әлеуметтік желіде қызу талқыға түсті.

Оймақ
Автор

Оймақ

Қазақстан және шетел ақпараттарын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.

Ұқсас жаңалықтар