жексенбі, 29 наурыз, 2026 16:04

Қазақстан және шетел ақпаратын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.

Байланыс

Ақтөбедегі оқушы өліміне қатысы бар деген күдікпен үш адам қамауға алынды

Ақтөбедегі оқушы өліміне қатысы бар деген күдікпен үш адам қамауға алынды
istockphoto
Әлихан Жәнібек жаппай төбелес кезінде пышақ жарақатынан көз жұмды.

Шалқар қаласында 17 жастағы Әлихан Жәнібектің өліміне қатысы бар деген күдікпен үш адам қамауға алынды, деп хабарлайды Oimaqnews.kz turkystan.kz.сайтына сілтеме жасап.

Облыстық полиция департаменті ұсынған мәліметке сәйкес, оқиға куәгерлері мен басқа да қатысушылары анықталды.

"Қазіргі уақытта үш күдікті анықталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды. Қылмысты ашу үшін тәжірибелі тергеушілер мен жедел қызметкерлерден құралған тергеу тобы құрылды", - дейді полицейлер.

17 жастағы мектеп оқушысының өлімі бойынша адам өлтіру және бұзақылық баптары бойынша қылмыстық істер қозғалды.

Айта кетері, Әлихан Жәнібек жаппай төбелес кезінде пышақ жарақатынан көз жұмды.

 

Оймақ
Автор

Оймақ

Қазақстан және шетел ақпараттарын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.

Ұқсас жаңалықтар