жексенбі, 29 наурыз, 2026 14:25

Қазақстан және шетел ақпаратын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.

Байланыс

Астанадағы сауда орталығында жасөспірімдер жаппай төбелес шығарды (видео)

Астанадағы сауда орталығында жасөспірімдер жаппай төбелес шығарды (видео)
Фото: instagram.com/aktivniy_selinograd_talapker
Әлеуметтік желіде Астанадағы сауда-ойын-сауық орталықтарының бірінде болған жаппай төбелестің видеосы таралып жатыр. Төбелеске кәмелетке толмағандар қатысқан.

Астанадағы сауда-ойын-сауық орталықтарының бірінде болған жаппай төбелестің видеосын Instagram-дағы aktivniy_selinograd_talapker паблигі жариялаған.

"Куәгерлердің сөзінше, "Көктал" СО-да бір топ жігіт төбелес шығарып, шу болып, қоғамдық тәртіп бұзылған. Жанжал орталық қонақтарының назарына ілігіп, ғимаратқа келушілерге ыңғайсыздық тудырған.

Қазіргі таңда зардап шеккендер туралы ақпарат және оқиғаның себептері нақтыланып жатыр. Оқиғаның мән-жайы анықталуда", - делінген хабарламада.

Астана полиция департаменінің NUR.KZ тілшісіне хабарлауынша, полицейлер төбелес шығарған бір топ жігітті анықтаған.

"Барлық қатысушы, арасында жасөспірімдер бар, Сарыарқа ауданы полиция басқармасына жеткізілді. Бұл дерек бойынша қылмыстық іс қозғалды.

Полиция ата-аналарға бала тәрбиесіне көп көңіл бөліп, сондай-ақ оларға қоғамдық орындарда өзін-өзі ұстау тәртібін түсіндіру қажеттілігін еске салады", - делінген хабарламада.

 

 

Оймақ
Автор

Оймақ

Қазақстан және шетел ақпараттарын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.

Ұқсас жаңалықтар