жұма, 27 наурыз, 2026 21:54

Қазақстан және шетел ақпаратын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.

Байланыс

Өмір - кейінге қалдыру үшін емес, бағалау үшін берілген: танымал блогердің жұбайы естелігін жариялады

Өмір - кейінге қалдыру үшін емес, бағалау үшін берілген: танымал блогердің жұбайы естелігін жариялады
ашық дереккөз
Жас отбасы үшінші сәбиін күтіп жүрген уақытта отағасынан мезгілсіз айырылып қалған.

Жол апатынан қайтыс болған танымал қазақстандық блогер Дәулет Бейсенбектің жұбайы естелік жазба жариялады, деп хабарлайды Oimaqnews.kz turkystan.kz.сайтына сілтеме жасап.

Жас отбасы үшінші сәбиін күтіп жүрген уақытта отағасынан мезгілсіз айырылып қалған. Қазіргі таңда жұбайы Замира Бейсенбек балаларын жалғыз тәрбиелеп отыр.

"Адамның өмірдегі ең қорқыныштысын айтайын ба?  Қарапайым күннің аяқталмай қалуы… Өмір мен өлімнін арасы - бір ғана тыныс. Менің де өмірімдегі ең қиын уақыт сағат 11:38, 27.03.2022жыл. Содан бері әр таң сайын өзіме қоятын сұрақ:
«Егер бүгін соңғы күнім болса ше? Кімді құшақтамадым? Не айтпадым? Қандай істі кейінге қалдырдым?» Өйткені өлім ескертпейді. Ол жай ғана бір қарапайым күннің, қарапайым жоспарлардың ортасында келеді. Өмір - кейінге қалдыру үшін емес, бағалау үшін берілген. Бүгін біреудің көңілін қалдырмауға, біреуді қуантуға, жақсы көретініңді айтуға әлі де уақыт бар. Бір сәттік өмірді өкінішпен емес, шүкіршілікпен өткізейік", - дейді марқұм блогердің әйелі Замира Бейсенбек.

 

Оймақ
Автор

Оймақ

Қазақстан және шетел ақпараттарын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.

Ұқсас жаңалықтар