сенбі, 21 наурыз, 2026 18:09

Қазақстан және шетел ақпаратын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.

Байланыс

Валюта бағамы: доллар мен еуро қаншадан саудаланып жатыр

Валюта бағамы: доллар мен еуро қаншадан саудаланып жатыр
Kazinform / Freepik / Pixabay
Kurs.kz деректеріне сәйкес, Қазақстан қалаларындағы ақша айырбастау пункттерінде шетел валюталарының бағамы жаңарды.

Елордадағы айырбастау орындарында АҚШ доллары 479,56 теңгеден сатып алынып, 486,52 теңгеден сатылып жатыр. Еуроның сатып алу бағамы 551,97 теңге болса, сату бағасы 561,97 теңгеге жеткен. Ресей рублі 5,76–6,17 теңге аралығында саудаланса, Қытай юані 71,99 теңгеден сатып алынып, 76,02 теңгеден сатылуда.

Ал Алматы қаласында доллар бағамы сәл өзгеше. Мұнда америкалық валюта 481,10 теңгеден сатып алынып, 483,62 теңгеден ұсынылуда. Еуро 555,54–561,68 теңге аралығында айырбасталуда.

Рубль бағамы 5,72–5,93 теңге шамасында қалыптасса, юань 71,59–74,38 теңге аралығында саудаланып жатыр.

Айта кетейік, айырбастау пункттеріндегі бағамдар күн ішінде сұраныс пен ұсынысқа байланысты өзгеруі мүмкін.

Оймақ
Автор

Оймақ

Қазақстан және шетел ақпараттарын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.

Ұқсас жаңалықтар