бейсенбі, 19 наурыз, 2026 18:19

Қазақстан және шетел ақпаратын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.

Байланыс

Паралимпиада чемпионы алтынын апасына табыстады (видео)

Паралимпиада чемпионы алтынын апасына табыстады (видео)
Фото: әлеуметтік желіден
Милан Паралимпиадасының чемпионы пара шаңғышы Ербол Хамитов елге оралғаннан кейін туған өлкесіне барды.

Ол арнайы апасының үйіне соғып, алтын және қола медалін оның мойынына таққан. Осы арқылы спортшы өзін әркез қолдайтын жақындарына деген шынайы ілтипатын жеткізуге тырысқан.Ербол Хамитов әлеуметтік желіде медалін мақтанышпен ұстап тұрған апасының суретін жариялады. Үй жағдайында түсірілген суреттер желі қолданушыларының жылы лебізіне ие болды.

Айта кетейік, Италияда өткен 2026 жылғы қысқы Паралимпиадада қазақстандық спортшы парабиатлоннан алтын медаль, ал шаңғы жарысынан қола жүлде жеңіп алды. Осылайша, ол ойындар бағдарламасының екі түрі бойынша жүлдегер атанған алғашқы қазақстандық спортшы болды.

 

 

 

Оймақ
Автор

Оймақ

Қазақстан және шетел ақпараттарын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.

Ұқсас жаңалықтар