дүйсенбі, 16 наурыз, 2026 10:37

Қазақстан және шетел ақпаратын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.

Байланыс

Ақбаян Мұқанғалиеваның қазіргі жағдайы туралы жаңа мәлімет белгілі болды

Ақбаян Мұқанғалиеваның қазіргі жағдайы туралы жаңа мәлімет белгілі болды
фото: ашық дереккөз
Ол қазір медициналық мекемеде жатыр.

Атырау облысында бір отбасының қаза табуына байланысты резонанс тудырған қылмыстық іс қоғам назарында әлі де қызу талқыланып жатыр. Осы іске күдіктілердің бірі Ақбаян Мұқанғалиеваның қазіргі жағдайы туралы жаңа мәлімет белгілі болды, деп хабарлайды Oimaqnews.kz Tengrinews.kz. сайтына сілтеме жасап.

Бұған дейін күдіктілер Сұлтан Сәрсемалиев пен оның жұбайы Ақбаян Мұқанғалиева Индонезиядан Қазақстанға жеткізілгені хабарланған еді. Кейінірек БАҚ-та Сұлтан Сәрсемалиев әйелінің ағасы мен әпкесі – Наурыз Мұқанғалиев пен Мейрамгүл Қарабалинаны өлтіргенін мойындағаны туралы ақпарат тарады. Ол олардың мәйітін бұрын өзі жалға алып тұрған Геолог шағын ауданындағы үйдің ауласына көмгенін айтқан.

Марқұмдардың туыстарының айтуынша, қазіргі уақытта Ақбаян Мұқанғалиева Атырау қаласында медициналық мекемеде жатыр.

"Біз оның бұрын психиатриялық есепте тұрған-тұрмағанын білмейміз. Бірақ енесінің айтуынша, қазір Ақбаян Атыраудағы психиатриялық мекемеде ем қабылдап жатыр", – деді отбасы туыстарының бірі.

Осы жағдайға байланысты журналистер Атырау облысы Полиция департаментіне ресми сауал жолдағанымен, әзірге нақты жауап алынбаған. Сонымен қатар Денсаулық сақтау министрлігіне және өңірлік Денсаулық сақтау басқармасына да сұрау жіберілген.

Алайда облыстық Денсаулық сақтау басқармасы бұл мәселеге қатысты полицияға жүгінуді ұсынған.

"Қылмыстық іс қозғалған. Сондықтан бұл мәселеге қатысты құқық қорғау органдарына жүгіну қажет", – деп мәлімдеді басқарма өкілдері.

Оймақ
Автор

Оймақ

Қазақстан және шетел ақпараттарын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.

Ұқсас жаңалықтар