сенбі, 14 наурыз, 2026 13:25

Қазақстан және шетел ақпаратын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.

Байланыс

Семейде спорттық гимнастикадан ашық чемпионат өтіп жатыр

Семейде спорттық гимнастикадан ашық чемпионат өтіп жатыр
Абай облысы әкімдігі
Абай облысы ұйымдастырған чемпионатқа елдің бірнеше өңірінен спортшылар бас қосты.

12–14 наурыз күндері Семей қаласында спорттық гимнастикадан Абай облысының ашық чемпионаты ұйымдастырылып, елдің бірнеше өңірінен келген жас спортшылардың басын қосты. Байрақты бәсекеге Астана, Алматы, Шымкент қалалары мен Павлодар, Қостанай, Жетісу және Абай облыстарынан 170-тен астам гимнаст қатысып, өзара мықтыны анықтады, деп хабарлайды Oimaqnews.kz

Ауқымды жарыс ұлдар/ерлер және қыздар/әйелдер санаттары бойынша өтті. Қатысушылар көпсайыс бағдарламасында және жекелеген снарядтар бойынша өз шеберліктерін сынға салды. Жас спортшылардың дайындығы мен техникалық деңгейі жоғары болғаны байқалып, көрермендер тартысты әрі әсерлі өнердің куәсі болды.

Ұлдар арасында жекелеген снарядтар бойынша жарыстар еркін жаттығу, тұтқалы ат, қоссырық, керме, шығыршық және тіреніп секіру бағдарламалары бойынша ұйымдастырылды. Ал қыздар тіреніп секіру, еркін жаттығу, бөрене және әртүрлі биіктіктегі сырық снарядтарында өнер көрсетіп, өздерінің икемділігі мен шеберлігін паш етті.

Жарыс барысында қатысушылар күрделі элементтерді орындап, спорттық шеберліктерін көрсетуге барынша күш салды. Әсіресе, жас гимнастардың дайындық деңгейі мен талпынысы төрешілер мен көрермендердің жоғары бағасына ие болды.

Аталған чемпионаттың басты мақсаты – спорттық гимнастиканы дамыту, жас спортшылардың тәжірибе жинақтауына мүмкіндік жасау және болашағынан үміт күттіретін гимнастарды анықтау. Сонымен қатар жарыс өңірлер арасындағы спорттық байланысты нығайтып, жас спортшылардың бәсекелестік деңгейін арттыруға және олардың спорттық шеберлігін шыңдауға ықпал етті.

Осындай жарыстардың өткізілуі елімізде спорттық гимнастиканың дамуына серпін беріп, жас спортшылардың үлкен спортқа қадам басуына мүмкіндік жасайды.

 

 

Оймақ
Автор

Оймақ

Қазақстан және шетел ақпараттарын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.

Ұқсас жаңалықтар