жұма, 13 наурыз, 2026 15:34

Қазақстан және шетел ақпаратын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.

Байланыс

"Жеті қыз жабылып, кастетпен сабаған" деген ақпарат – жалған

"Жеті қыз жабылып, кастетпен сабаған" деген ақпарат  – жалған
фото: скрин
Олар ешқандай жансақтау бөліміне жатпағанын айтты.

Жұрт өретүрегеліп, наразылық танытқан Тараздағы №51 мектептің оқушысын «жеті қыз жабылып кастетпен сабап, жансақтау бөліміне түсірді» деген ақпараттан кейін, жалған ақпарат бергендері үшін кешірім сұрады. Олар төбелес болып, ауруханаға түскенімен ешқандай да жансақтау бөліміне жатпағанын, кастетпен ұрмағанын айтты, деп хабарлайды Oimaqnews.kz  Qaz365.kz.сайтына сілтеме жасап.

БАҚ өкілдері мен әлеуметтік желілерде «жеті қыздың 9-сынып оқушысын кастетпен ұрып кетті» деген ақпарат тарады.  Жәбірленушінің екі күн бойы жансақтау бөлімінде жатқаны жайлы да жазылды. Бүгін жәбірленушінің жақындары бейнежазба түсіріп бұл деректерді жоққа шығарды.

«Мен, Бисембетова Гүлбаршын 17-сі күні Тараз қаласындағы №51 мектепке балаларымды орналастырғанмын. Тараз қаласының тұрғыны боламыз», — деді бейнежазбадағы әйел. 

Оның қасындағы жасөспірім қыз төбелестің болғанын растады. Алайда жансақтау бөліміне түсу, кастетпен ұру жайлы ақпараттардың жалған екенін айтып, сол үшін Қазақстан халқынан кешірім сұрады.

«Мектепке ешқандай арыз шағымымыз жоқ. Ешкімнің қысымынсыз бұл видеоға шығып тұрмыз. Қазақстан халқынан жалған ақпарат бергеніміз үшін кешірім сұрап тұрмыз. Бізде төбелес болмады емес, болды. Өзіміздің кіреберістің алдыңда қыздармен төбелес, кикілжің болып қалды. Бірақ қолдарында ешкімнің кастет болмаған. Жансақтау бөлімінде жатқан жоқ. Памперс ештеңе киген жоқ. Дәрігерлердің бақылауында болды. Осындай жалған ақпарат бергенімізге кешірім сұраймыз», — деді ол. 

Еске сала кетсек, кеше Тараз қаласында жеті қыз бір оқушыны жабылып, ұрып-соқты деген ақпарат тараған еді.

Оймақ
Автор

Оймақ

Қазақстан және шетел ақпараттарын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.

Ұқсас жаңалықтар