сәрсенбі, 11 наурыз, 2026 18:04

Қазақстан және шетел ақпаратын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.

Байланыс

Жәнібек Әлімханұлы әлем чемпионы атағынан айырылды

Жәнібек Әлімханұлы әлем чемпионы атағынан айырылды
WBO
Бұл туралы Қазақстан кәсіпқой бокс федерациясының президенті Рақымжан Ерденбеков мәлімдеді.

Қазақстандық кәсіпқой боксшы Жәнібек Әлімханұлы орта салмақтағы IBF тұжырымы бойынша әлем чемпионы атағынан айырылды. Бұл туралы Қазақстан кәсіпқой бокс федерациясының президенті Рақымжан Ерденбеков мәлімдеді. Халықаралық бокс федерациясы (IBF) өз ережелеріне сүйене отырып, қазақстандық чемпионның титулын дереу бос (вакантты) деп жариялау туралы шешім қабылдаған, деп хабарлайды Oimaqnews.kz  Qaz365.kz.сайтына сілтеме жасап. 

Ұйымның ресми хатында Жәнібек Әлімханұлының 2026 жылдың 2 желтоқсанына дейін жекпе-жектерден шеттетілгені көрсетілген. IBF ережесі бойынша, әрбір чемпион өз белбеуін тоғыз ай сайын қорғауы тиіс. Әлімханұлы үшін бұл мерзім 2026 жылдың 4 шілдесінде аяқталуы керек еді, алайда қазіргі жағдайға байланысты федерация оны күтпестен шешім шығарды.

«Бұл жағдай Жәнібектің командасы үшін үлкен сабақ болды. Дегенмен ол биыл рингке бұрынғыдан да қуатты болып оралады және жақын арада төрт әлемдік белбеуді де жеңіп алады. Өз кезегінде Жәнібектің командасы бұл іс бойынша апелляция береді», — деді Рақымжан Ерденбеков.

Еске сала кетейік, өткен жылдың желтоқсан айында Дүниежүзілік бокс ұйымы (WBO) Жәнібек Әлімханұлынан допинг табылғанына байланысты тергеу жүріп жатқанын хабарлаған болатын. ҚР Туризм және спорт министрлігі боксшының тыйым салынған заттарды өз еркімен қолданбағанына сенетінін айтып, оған жан-жақты қолдау көрсететінін мәлімдеген еді.

Оймақ
Автор

Оймақ

Қазақстан және шетел ақпараттарын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.

Ұқсас жаңалықтар