сейсенбі, 10 наурыз, 2026 14:45

Қазақстан және шетел ақпаратын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.

Байланыс

Атыраудағы қылмыс: Наурыз бен Мейрамгүлдің өліміне қатысты тың деректер пайда болды

Атыраудағы қылмыс: Наурыз бен Мейрамгүлдің өліміне қатысты тың деректер пайда болды
ашық дереккөз
Қазір тергеу жалғасып жатыр.

Алдын ала мәлімет бойынша, оларды Сұлтан Сарсемалиев пышақтап өлтірген, деп хабарлайды Oimaqnews.kz Атырау ақпаратқа сілтеме жасап.

Қаза тапқандардың туыстарының айтуынша, кешке Атырау облыстық Полиция департаментінің қызметкерлері отбасыға Наурыз бен Мирамгүлдің денелері Геолог шағынауданындағы үйлерінің маңынан табылғанын хабарлаған. Дәл сол жерде күдікті бұған дейін айына шамамен 50 мың теңгеге уақытша пәтер жалдап тұрған.

— Әрине, бізге өте ауыр. Оның ұсталғанын естігенде, Мирамгүл мен Наурыз тірі шығар деп үміттендік. Бірақ кеше олардың да өлтірілгенін хабарлады. Қазір мәйіттер мәйітханаға жеткізіліп, сараптама жүргізіледі. Кешке дейін бізге беруге уәде етті, сонда жерлей аламыз, — деді марқұмдардың туысы Шалқар Мұқанғалиев.

Отбасының айтуынша, жерлеу рәсімі Жангелдин ауылында, ата-аналарының қабірінің жанында өтеді деп жоспарланып отыр. Бұған дейін олардың ата-анасын да Сұлтан Сарсемалиев өлтіріп, денелерін шаруашылық құрылысына көміп тастағаны хабарланған.

Туыстарының мәліметінше, Сұлтанның әйелі Ақбаян Мұқанғалиева қазіргі уақытта Авангард шағынауданындағы психологиялық қолдау орталығында болып, медициналық-психологиялық көмек алып жатыр. Бұған дейін ІІМ оның іс бойынша күдікті ретінде қаралып жатқанын хабарлаған.

Қазір тергеу жалғасып жатыр. Құқық қорғау органдары оқиғаның барлық мән-жайын анықтауда.

 

 

Оймақ
Автор

Оймақ

Қазақстан және шетел ақпараттарын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.

Ұқсас жаңалықтар