жексенбі, 8 наурыз, 2026 4:07

Қазақстан және шетел ақпаратын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.

Байланыс

Дубайда әуежай жұмысын уақытша тоқтатты

Дубайда әуежай жұмысын уақытша тоқтатты
Бұл туралы Дубай үкіметінің БАҚ кеңсесі әлеуметтік желіде жазды.

Дубай халықаралық әуежайы уақытша жұмысын тоқтатты, – деп хабарлайды Oimaqnews.kz Aikyn.kz сайтына сілтеме жасап.

Бұл туралы Дубай үкіметінің БАҚ кеңсесі әлеуметтік желіде жазды.

Мәлімдемеге сәйкес, жолаушылардың, әуежай қызметкерлерінің және әуе компаниялары экипаждарының қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында Дубай халықаралық әуежайының (DXB) жұмысы уақытша тоқтатылған. Барлық рәсімдер белгіленген қауіпсіздік хаттамаларына сәйкес жүргізілуде.

Anadolu агенттігінің мәліметінше, Біріккен Араб Әмірліктерінің Қорғаныс министрлігі елдің әуе қорғаныс жүйелері Ираннан келуі мүмкін баллистикалық зымырандар мен дрондарға қарсы әрекет етіп жатқанын хабарлаған.

Министрлік дерегінше, әуе қорғаныс жүйелері баллистикалық зымырандарды жойып, әскери ұшақтар дрондар мен қанатты зымырандарды бейтараптандырған. Елдің әртүрлі аймақтарында естілген жарылыс дыбыстары да осы қорғаныс жүйелерінің жұмысына байланысты екені айтылды.

Оймақ
Автор

Оймақ

Қазақстан және шетел ақпараттарын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.

Ұқсас жаңалықтар