Қазақстан азаматтарына Таяу Шығыстағы бірқатар елдерге бармауды ұсынды
- авторОймақ
- 6 наурыз, 2026
- 22
ҚР Сыртқы істер министрлігі Таяу Шығыстағы жағдайға байланысты Қазақстан азаматтарына арналған ұсыным әзірледі, – деп хабарлайды Oimaqnews.kz Aikyn.kz.сайтына сілтеме жасап.
Таяу Шығыстағы әскери іс-қимылдардың жалғасуына, сондай-ақ көптеген елдің әуе кеңістігінің жабылуына байланысты Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігі Қазақстан азаматтарына белсенді әскери іс-қимылдар толық тоқтап, жағдай толық тұрақтанғанға дейін келесі елдерге барудан бас тартуды қатаң түрде ұсынады:
-Бахрейн
-Мысыр
-Израиль
-Йемен
-Иордания
-Ирак
-Иран
-Қатар
-Сауд Арабиясы Корольдігі
-Кувейт
-Ливан
-БАӘ
-Оман
-Сирия
«Өңірде жүрген Қазақстан азаматтарын жеке қауіпсіздік шараларын күшейтуге, қауіпті аудандарға бармауға, жергілікті билік органдарының нұсқауларын орындауға, соның ішінде зымырандық қауіп туындаған жағдайда дереу баспаналарға/паналау орындарына баруға, сондай-ақ Қазақстан Республикасының шетелдегі мекемелерімен, туроператорлармен және әуе тасымалдаушыларымен тұрақты байланыста болуға тағы да шақырамыз», - делінген хабарламада.
Оймақ
Қазақстан және шетел ақпараттарын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.
Ұқсас жаңалықтар
Трамп Иранның жаңа басшысын таңдауға қатысуға ниеті бар екенін білдірді
- авторОймақ
- 6 наурыз, 2026






