бейсенбі, 5 наурыз, 2026 15:16

Қазақстан және шетел ақпаратын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.

Байланыс

Ираннан ұшырылған дрон Әзербайжан әуежайына құлады

Ираннан ұшырылған дрон Әзербайжан әуежайына құлады
Видеодан скриншот
Әлеуметтік желілерде оқиға орнынан түсірілген бейнежазбалар таралуда.

Иран аумағынан ұшырылған ұшқышсыз ұшу аппараты Әзербайжандағы әуежай маңына құлағаны туралы хабар тарады, деп жазады Oimaqnews.kz Minval.az-ға сілтеме жасап.

Алдын ала мәліметке сәйкес, Нахчыван қаласындағы әуежай маңында дрон жарылып, әуе айлағы аумағында өрт шыққан.

Әлеуметтік желілерде оқиға орнынан түсірілген бейнежазбалар таралуда.

Әзербайжан Сыртқы істер министрлігінің мәліметінше, бір ұшқышсыз ұшу аппараты Нахчыван Автономиялық Республикасы әуежайының терминал ғимаратына құлаған. Ал екіншісі Шекерабад ауылындағы мектеп маңына түскен.

Ведомствоның хабарлауынша, шабуыл салдарынан әуежай ғимаратына зақым келіп, екі бейбіт тұрғын жарақат алған. Әзербайжан тарапы бұл әрекетті Иран аумағынан жасалған шабуыл деп бағалап, оны қатаң айыптады.

 

Оймақ
Автор

Оймақ

Қазақстан және шетел ақпараттарын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.

Ұқсас жаңалықтар