"Мен соны ғана сүйіп, соны аңсайтынымды терең ұғындым": Бауыржан Момышұлының ұлының естелігінен
- авторОймақ
- Бүгін, 10:19
- 43
Әкемнің іргені аулақ салуы, әрине, анама жеңіл тимеді. Бірақ бәріне де шыдады. Кішкентай кезімде мен де налыдым ғой енді талай... Көп жәйтті терең түсіне қоймасам да, ренжідім, өкпеледім әкеме... Бұл қалай, неге кетті, неге қасымызда болмайды, неге бірге тұрмаймыз дегендей. Сонда анам: «Әкеңді сөкпе! Әкеңді ешқашанда жамандаушы болма!» деуші еді. Әйтеуір, күдер үзген жоқ. Өмір бойы күтті ғой.
Келе-келе өз төңірегіндегі де, қоғамдағы да тоғышарлыққа көп кезігіп, алтын басын тауға да, тасқа да соға жүріп, «достан да, дұшпаннан да көңілі қайтқан» әкем де Жамалдай асыл жарын ойлап, қатты торыққан екен. Әкемнің қандыкөйлек досы Дмитрий Снегин бір кітабында әкемнің кейін өз қателігін түсініп, көзіне жас алғанын алғаш рет көргенін жазады: «...Одан соң алғашқы қосағым Бибіжамалды жер қойнына тапсырдым. Мен оны бәйбіше деуші ем. Өмірден тым жас кетті. Қазір елу үшке келер еді. Біз осыдан ширек ғасыр бұрын ажырастық... Тек соны ғана сүйіп, соны ғана аңсайтынымды терең ұғынып, жан ауыртуым үшін – оның өлуі керек екен. Ішім қан жылайды. «Оңбаған!» деген үндерді естимін!», – деп Бауыржан үн-түнсіз, қыстыға егілді».
Құлтөлеу Мұқаш
Оймақ
Қазақстан және шетел ақпараттарын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.






