«Айлығым өзіме жетеді".
Бүгін үкімет отырысында Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Асқарбек Ертаев өзінің қанша жалақы алатынын айтты, деп хабарлайды Oimaqnews.kz Politico.kz. сайтына сілтеме жасап.
«Айлығым өзіме жетеді. Отбасымда төрт балам, өзім және әйелім бар. Айлығым – 1 миллион 200 мың теңге. Екі балам өсіп, бөлек шығып кетті. Қолымда қазір қызым мен кішкентай балам бар. Әйелім жұмыс істемейді, үш жастағы баламды қарайды. Несиеміз бар, соны да төлеуге жетіп жатыр», - деді министр.
Автор
Оймақ
Қазақстан және шетел ақпараттарын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.






