дүйсенбі, 2 наурыз, 2026 15:05

Қазақстан және шетел ақпаратын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.

Байланыс

Дональд Трамп Ирандағы әскери іс-қимыл қанша уақытқа созылатынын айтты

Дональд Трамп Ирандағы әскери іс-қимыл қанша уақытқа созылатынын айтты
Фото: REUTERS / Evelyn Hockstein
Ақ үй басшысы шетелдік БАҚ-қа сұхбат берді.

АҚШ президенті Дональд Трамп елдің Ирандағы әскери операциясы алдағы төрт апта бойы жалғасуы мүмкін деп санайды. Бұл туралы ол Daily Mail газетіне мәлімдеді, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты DW-ге сілтеме жасап.

Ақ үй басшысы бәрі жоспар бойынша жүріп жатқанын хабарлады. Оның айтуынша, Вашингтон Иранның барлық жетекшісінің көзін жойды. Трамп бұл шамамен 48 адамға қатысты болуы мүмкін екенін айтып қалды. АҚШ президенті Тегеранмен әрі қарай келіссөз жүргізуге ниетті екенін де жасырмады. Десек те, ол келіссөздердің таяу арада өту мүмкіндігіне қатысты тұшымды жауап айтпады.

"Мен білмеймін. Олар келіссөздің өткенін қалайды, алайда мен "сіздер осы аптада емес, өткен аптада сөйлескендеріңіз дұрыс еді" деп айттым", – деді Дональд Трамп.

1 наурыз күні Ақ үй басшысы америкалықтарға үндеу жасады. Ол қаза тапқан үш сарбаз үшін кек алуға ант берді. Сондай-ақ Трамп Тегеранға жаңа талап қойды. Сол күні The Atlantic басылымына берген сұхбатында Иран билігін тым ұзақ күтті деп айыптады. 

"Олар тиімді ұсыныс тастауы тиіс еді. Тым ұзақ күтті", - деді Дональд Трамп.

Оймақ
Автор

Оймақ

Қазақстан және шетел ақпараттарын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.

Ұқсас жаңалықтар