сәрсенбі, 25 ақпан, 2026 12:37

Қазақстан және шетел ақпаратын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.

Байланыс

Қаржы министрлігінің экс басқарма төрағасы мемлекеттік мүліктерді арзанға сатып 11 миллиард теңге жымқырды деп айыпталуда

Қаржы министрлігінің экс басқарма төрағасы мемлекеттік мүліктерді арзанға сатып 11 миллиард теңге жымқырды деп айыпталуда
ҚР ҰҚК Баспасөз қызметі
Қаржы министрлігінің "Проблемалық кредиттер қоры" АҚ бұрынғы басқарма төрағасы Даулет Бакберген ұсталды. Ол мемлекетке өтуі керек мүліктердің сатылымнан кейінгі ақшасын өзіне алып, 11,4 миллиард теңге залал келтірді деп айыпталуда.

"Проблемалық кредиттер қоры" – Қаржы министрлігінің еншілес ұйымы. Ол екінші деңгейлі банктерден алынған активтерді қайта сатумен айналысады. Жұмыс принципі мынадай: банктерде иесі қарызын өтей алмаған кәсіпорындар болуы мүмкін. Мұндай зауыттар мен фабрикалар қорға өтеді, оны жөндеп, кейін аукционға шығару керек. Алайда Қордың жұмысы Парламент депутаттары мен сарапшылардан жиі сынға ұшырады – ұйым неге аз пайда табатынына таң қалған, себебі оның балансында көптеген нысандар бар.

Ұлттық қауіпсіздік қызметінің тергеу материалдарына сәйкес, ол мемлекетке өтуі керек кепіл мүлікті сатудан түскен ақшаны заңсыз алған. Нәтижесінде мемлекетке 11,4 миллиард теңге залал келген.

“Бұдан бөлек, ол мемлекеттік мүлікті төмендетілген құнмен сатқан. Осының салдарынан бюджетке 1,3 миллиард теңгеден астам қаражат түспей қалған. Сондай-ақ ол құжаттарды қолдан жасап, кепілге қойылған жер учаскелерін заңсыз сатып алған. Нәтижесінде қорға 800 миллион теңге залал келген, ал борышкер компаниялардың меншік иесі мен оның сыбайластары ұсталды”, – делінген хабарламада. 

Соттың санкциясымен олар қылмыстық кодекстің 190 және 361-баптары бойынша қамауға алынып, мүлікке тыйым салынды. Сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізілуде.

Қылмыстық-процестік кодекстің 201-бабына сәйкес өзге ақпарат жария етуге жатпайды.

Оймақ
Автор

Оймақ

Қазақстан және шетел ақпараттарын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.

Ұқсас жаңалықтар