Атырау облысында із-түссіз кеткен отбасы әлі күнге дейін табылған жоқ, деп хабарлайды Oimaqnews.kz Arasha.kz. сайтына сілтеме жасап.
Атырау облысы полиция департаментінің ресми өкілі Мейірім Ердәулет журналист Руслан Өтепбайға берген сұхбатында істің мән-жайына қатысты жаңа мәліметтерді жария етті.
Оның айтуынша, отбасының күйеу баласы қазір күдікті ретінде халықаралық іздеуге жарияланған. Ал Ақбаян із-түссіз жоғалған адам ретінде ресми есепте тұр және іздестіріліп жатыр.
"Бұл отбасының күйеу баласы қазіргі таңда күдікті ретінде халықаралық іздеуде тұр. Ал Ақбаян із-түссіз жоғалғандардың есебінде іздеуде тұр. Полиция бұл кісілердің нақты қай елде екендігін ресми растаған жоқ. Алайда бұл азаматтардың Атыраудан Шымкентке, Шымкенттен Өзбекстан арқылы өзге елдерге тысқары шыққанын ресми растадық", –деді Атырау облысы полиция департаментінің өкілі Мейірім Ердәулет.
Оймақ
Қазақстан және шетел ақпараттарын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.






