сейсенбі, 24 ақпан, 2026 2:42

Қазақстан және шетел ақпаратын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.

Байланыс

Елде үндістандық дәріні пайдалануға тыйым салынды

Елде үндістандық дәріні пайдалануға тыйым салынды
Фото: Мухтор Холдорбеков
Қазақстанда үндістандық «Маклеодс Фармасьютикалз Лимитед» компаниясы шығарған «Десилмакс» препаратын медициналық мақсатта қолдануға тыйым салынып, айналымнан жинап алу туралы шешім шықты, деп хабарлады kaz.inform.kz

Бұл туралы Денсаулық сақтау министрлігі Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитетінің тиісті бұйрығында айтылған.

— Шектеу таблеткалардың BSE92301A сериясына қатысты. Бұл партияның жарамдылық мерзімі 2026 жылдың шілдесіне дейін деп көрсетілген. Десилмакс дәрілік затының аталған сериясын медициналық қолдануға тыйым салынсын және айналымнан жинап алынсын, — делінген бұйрықта.

Айта кетейік, бұл шешімге Дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды сараптау орталығының хаты мен өткен жылғы 3 ақпандағы сынақ хаттамасы негіз болған.

Қазіргі уақытта Комитеттің аумақтық бөлімшелері мен «СК-Фармация» мекемесіне дәріні қолданыстан шығару туралы тапсырма берілді. Бұйрықтың орындалуын фармацевтикалық қызметті бақылау басқармасы қадағалайды.

 

Бөлісу:
Оймақ
Автор

Оймақ

Қазақстан және шетел ақпараттарын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.

Ұқсас жаңалықтар