жұма, 20 ақпан, 2026 17:37

Қазақстан және шетел ақпаратын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.

Байланыс

Қырғызстанда Ұлттық қауіпсіздік мемлекеттік комитетінің қызметкері ұсталды

Қырғызстанда Ұлттық қауіпсіздік мемлекеттік комитетінің қызметкері ұсталды
ашық дереккөз
"Грудак" лақап атымен белгілі қызметкерді әскери прокуратура қамауға алған.

Қырғызстанда Ұлттық қауіпсіздік мемлекеттік комитетінің Бішкек қаласы бойынша 6-басқармасының жетекшісі ұсталды, деп хабарлайды Oimaqnews.kz Arasha.kz. сайтына сілтеме жасап.

"Грудак" лақап атымен белгілі қызметкерді әскери прокуратура қамауға алған.

Бішкектің Первомай аудандық соты А.Т.-ны 15 сәуірге дейін уақытша ұстау изоляторына қамау туралы шешім шығарды. Тергеу материалдары негізінде оған қатысты бұлтартпау шарасы таңдалғаны белгілі болды. Басылым мәліметінше, ол "Сыбайлас жемқорлық" бабы бойынша күдікке ілінген.

Қазіргі уақытта тергеу жалғасып жатыр. Құқық қорғау органдары басқарма құрылымындағы ықтимал жемқорлық әрекеттерге қатысы болуы мүмкін өзге тұлғаларды анықтауда.

Еске сала кетейік, бұған дейін Қырғызстан БАҚ-тары Шу облысы бойынша ҰҚМК-нің тергеушісінің де ұсталғанын хабарлаған еді. "Вазелин" лақап атымен танылған ол Бішкек қаласы бойынша ҰҚМК басқармасының бұрынғы басшысы, бұған дейін қамауға алынған Эльдар Жақыпбековке жақын адам ретінде сипатталады.

Оймақ
Автор

Оймақ

Қазақстан және шетел ақпараттарын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.

Ұқсас жаңалықтар