жұма, 20 ақпан, 2026 19:10

Қазақстан және шетел ақпаратын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.

Байланыс

Екпе алмаған балалар балабақшаға бармайды

Екпе алмаған балалар балабақшаға бармайды
Getty Images
Олар уақытша шеттетіледі.

Қазақстанның Бас мемлекеттік санитарлық дәрігері Сархат Бейсенова қызылша инфекциясының таралуын тежеу мақсатында жаңа қаулы қабылдады. Құжатқа сәйкес, мекемеде ауру тіркелген жағдайда екпе алмаған балалар уақытша сабақтан шеттетіледі, деп хабарлайды Qaz365.kz.

19 ақпаннан бастап күшіне енген бұл құжат білім беру мекемелерінің басшыларына бірқатар қатаң талап жүктейді. Атап айтқанда, балабақшалар мен мектептердегі балалардың кемінде 90 пайызы екпемен қамтылуы тиіс.

Жаңа қаулының негізгі талаптары:

"Білім беру басқармаларының басшылары балалардың екпемен қамтылу деңгейінің 90%-дан төмен болмауын бақылауға, мекемелерге ауру белгілері бар балалар мен педагогтарды жібермеу үшін «таңғы фильтр» жүргізуге, сондай-ақ ата-аналарға иммундаудың қажеттілігі туралы ақпарат беруге міндетті", — делінген қаулы мәтінінде.

Сонымен қатар егер мектепте немесе балабақшада қызылша жұқтыру дерегі анықталса, вакцина алмаған балалар дерттің таралуын болдырмау үшін уақытша оқудан шеттетіледі.

Ұжымдық иммунитеттің төмендеуі

Санитарлық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің мәліметінше, елдегі ұжымдық иммунитеттің әлсіреуіне ата-аналардың вакцинациядан жаппай бас тартуы себеп болған. Ресми деректерге сүйенсек, қызылша жұқтырған балалардың 59 пайызы –  ата-аналарының келісімі болмағандықтан екпе алмағандар.

Оймақ
Автор

Оймақ

Қазақстан және шетел ақпараттарын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.

Ұқсас жаңалықтар