жұма, 20 ақпан, 2026 17:42

Қазақстан және шетел ақпаратын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.

Байланыс

Дамир Кушеев пен Руслан Каримовты «бопсалау» айыбы бойынша тоғыз жылға үкім кесті

Дамир Кушеев пен Руслан Каримовты «бопсалау» айыбы бойынша тоғыз жылға үкім кесті
Сурет: Orda.kz
Үкім 19 ақпан күні кешкісін жарияланды.

Алматыда алқабилердің қатысуымен өткен сот блогер Дамир Кушеев пен Руслан Каримовты «бопсалау» айыбы бойынша тоғыз жылға бас бостандығынан айыруға үкім кесті, деп хабарлайды Oimaqnews.kz Arasha.kz.сайтына сілтеме жасап.

«Ұят болды сіздерге. Күнәсіз адамдарды ақтап шығады деп бар үмітіміз сіздерде еді. Тергеу дәлелдей алмады, бірақ соңында бізді соттап жіберді. Біз қылмыс жасаған жоқпыз, бірақ бізге мерзім берілді», - деді үкім жарияланғаннан кейін сотталған блогер Кушеев алқабилерге қарап.

Үкім 19 ақпан күні кешкісін жарияланды.

Кушеевтің жақтастары бұл қылмыстық істің күмән тудыратынын және заңбұзушылықтар мен жемқорлық тақырыптарын ашық көтеріп жүрген қоғам белсендісіне жасалған қысымға ұқсайтынын мәлімдеуде.

Еске сала кетейік, Алматыда 28 млн теңге бопсалады деген күдікпен екі блогердің ұсталғаны туралы полиция 2025 жылдың 23 қаңтарында таңертең хабарлаған болатын. 

Бұған дейін Кушеев Алматы прокуратурасының ғимаратында заңбұзушылықтарды видеоға түсіру кезінде қоғамдық тәртіпті бұзғаны үшін сот шешімімен 15 тәулікке қамауға алынған болатын.

Оймақ
Автор

Оймақ

Қазақстан және шетел ақпараттарын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.

Ұқсас жаңалықтар