сәрсенбі, 11 ақпан, 2026 15:26

Қазақстан және шетел ақпаратын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.

Байланыс

Трамп Иранға тағы да сес көрсетті

Трамп Иранға тағы да сес көрсетті
Фото: inbusiness.kz
Оманда Иран мен АҚШ арасында жанама келіссөздер өткен болатын.

АҚШ президенті Дональд Трамп Вашингтон мен Тегеран арасындағы ядролық бағдарлама бойынша келіссөздер сәтсіз аяқталған жағдайда, Таяу Шығысқа әскери кемелер жіберуі мүмкін екенін айтты. Бұл туралы Ақ үй басшысы Axios басылымына берген сұхбатында мәлімдеді.

"Ол жаққа бір армада бағытталды, бәлкім тағы да біреуі жіберіледі", – деді Трамп. 

Осылайша Дональд Трамп Иранға қарай  АҚШ әскери-теңіз күштерінің екінші ұшақ тасымалдағыш кемесін жіберу мәселесін қарастырып жатқанын жеткізді. Ақ үй басшысы Axios-қа берген сұхбатында Вашингтонның Тегеранмен жақын арада келісімге келуге ниетті екенін атап өтті. Оның айтуынша, уағдаластыққа қол жеткізілмеген жағдайда, АҚШ қатаң шаралар қабылдауға мәжбүр болады.

6 ақпан күні Оманда Иран мен АҚШ арасында жанама келіссөздер өтті. АҚШ делегациясын президенттің арнайы өкілі Стивен Уиткофф басқарды. Вашингтон Тегераннан ядролық бағдарлама, елдің зымырандық арсеналы және Таяу Шығыстағы прокси-күштерді қолдау мәселелеріне қатысты жеңілдіктер жасауды сұрады. 

Бұл ретте Иран санкциялар алынған жағдайда ядролық келісім бойынша талқылауды қайта бастауға дайын екенін хабарлады. Тараптар келіссөздердің алғашқы кезеңін оң бағалады, бірақ келіспеушіліктер бар екенін де мәлімдеді. Иранның сыртқы істер министрі Аббас Арагчи елдің уранды бейбіт мақсатта байытуды жалғастыратынын мәлімдеді.

Бөлісу:
Оймақ
Автор

Оймақ

Қазақстан және шетел ақпараттарын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.

Ұқсас жаңалықтар