Қазақстанда науқастарға тегін берілуі тиіс 15 мың дана дәрі сатылып кеткен, деп хабарлайды Oimaqnews.kz Qaz365.kz.сайтына сілтеме жасап.
Бұл туралы Денсаулық сақтау министрлігі хабарлады. Ведомство заңбұзушылықты 2024 жылдан бастап қолданысқа енген таңбалау нәтижесінде анықтаған.
Сондай-ақ, тексеріс кезінде 6 жарым мың тегін берілетін препараттың кьюар коды 385 мың рет сканерленіп, жымысқы мақсатта пайдаланғаны мәлім болды.
Одан бөлек, мерзімі өткен 750 дана дәрі сатылған екен.
– Төрт мыңдай факт анықтағаннан кейін біз 83 дәріхананы тексергенбіз. Енді соның ішінде 34 дәріхана арнайы жауапкершілікке бекітілді. Енді болашақта сол қаржы мониторингі агенттігімен арнайы тексерістер жүргіземіз деп жоспарлап отырмыз. Арнайы өзіміздің штрафтар береміз. Өйткені бұл субъектілер ондай тегін дәріні олай сатуға негізі құқығы жоқ, – ҚР ДСМ медициналық және фармацевтикалық бақылау комитетінің төрағасы Бауыржан Жүсіпов.
Оймақ
Қазақстан және шетел ақпараттарын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.






