сәрсенбі, 4 ақпан, 2026 17:25

Қазақстан және шетел ақпаратын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.

Байланыс

Өзін-өзі жұмыспен қамтығандар Kaspi қосымшасы арқылы тіркеле алады

Өзін-өзі жұмыспен қамтығандар Kaspi қосымшасы арқылы тіркеле алады
Kaspi
Kaspi.kz өзін-өзі жұмыспен қамтыған азаматтарға арналған жаңа сервистерді іске қосты.

Қазақстанда жеке кәсіпкер ретінде тіркелмей, өз бетінше жұмыс істейтін азаматтар үшін Kaspi.kz суперқосымшасында жаңа сервистер іске қосылды. Жаңа мүмкіндіктер жөндеу, оқыту, тұрғын үйді жалға беру, жаттықтыру, фото және басқа да жеке қызмет түрлерін көрсететін азаматтарға арналған.

Kaspi.kz қосымшасы арқылы өзін-өзі жұмыспен қамтығандар бір минут ішінде онлайн түрде тегін шот аша алады. Сонымен қатар Kaspi QR арқылы төлем қабылдап, чек автоматты түрде қалыптасады. Ай қорытындысы бойынша әлеуметтік аударымдар мен жарналар да автоматты түрде есептеліп, төлеуге дайындалады. Бұл қызмет жеке табыс пен жеке аударымдарды бөлек жүргізуге және заң талаптарын сақтауға мүмкіндік береді.

Аталған сервистер жаңа арнайы салық режимі аясында ұсынылып отыр. Бұл режим қызметкері жоқ, айлық табысы 300 айлық есептік көрсеткіштен (1 297 500 теңге) аспайтын, 40 түрлі қызметпен айналысатын азаматтарға арналған.

Kaspi.kz компаниясының басшысы әрі тең құрылтайшысы Михаил Ломтадзе жаңа бастама туралы пікір білдірді:

«Мемлекеттік органдармен бірлесіп, өзін-өзі жұмыспен қамтыған азаматтарға арналған ыңғайлы сервистерді іске қостық. Клиенттеріміз Kaspi.kz суперқосымшасында тегін шот ашып, Kaspi QR арқылы немесе қашықтан төлем қабылдай алады. Чектер автоматты түрде жасалып, ай соңында аударымдар мен жарналар есептеледі. Әріптестік үшін мемлекеттік органдарға және бізбен бірге болған әрбір клиентке алғыс айтамыз», – деді ол.

Ал Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитеті төрағасының орынбасары Сеилжан Ахметов жаңа салық режимінің маңызын атап өтті:

«Өзін-өзі жұмыспен қамтығандарға арналған арнайы салық режимін енгізу – азаматтарды қолдаудың маңызды қадамы. Бұл режим айына 300 АЕК-ке дейінгі табыс кезінде жеке табыс салығын төлемей, тек 4% әлеуметтік төлемдер төлеу арқылы заңды түрде жұмыс істеуге мүмкіндік береді. Осылайша мемлекет көлеңкелі экономиканы азайтып, азаматтарды әлеуметтік қорғау жүйесіне тарту үшін қолайлы жағдай жасап отыр», – деді ол.

Kaspi.kz қосымшасындағы өзін-өзі жұмыспен қамтығандарға арналған шотты ашу және жүргізу тегін. Төртінші айдан бастап төлем қабылдағаны үшін комиссия 0,95% болады, ал Kaspi Бонус ретінде 1% қайтарылады. Қызмет шарттары мен толық ақпарат Kaspi Гидте қолжетімді.

Оймақ
Автор

Оймақ

Қазақстан және шетел ақпараттарын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.

Ұқсас жаңалықтар