Ұлттық тасымалдаушының мәліметінше, енді 60 жастан асқан жолаушылар пойыз билетін 25 пайыз жеңілдікпен сатып алып, ел ішінде саяхаттай алады. Ол үшін барлық пойызға жарамды дисконт картасын рәсімдеу жеткілікті.
Сондай-ақ жастар үшін де тиімді мүмкіндіктер ұсынатын жаңа дисконт картасы енгізілген. Бұл дисконт карта арқылы 15 пен 25 жас аралығындағы жолаушылар купе вагондарындағы жоғарғы орындар мен отыратын вагондарға билеттерді 33 пайыз жеңілдікпен рәсімдей алады.
"Дисконттық карталар иесінің атына рәсімделеді және үшінші тұлғалардың пайдалануына жол берілмейді. Картаны тек теміржол вокзалдарындағы "Жолаушылар тасымалы" АҚ билет кассаларынан алуға болады. Рәсімдеу үшін жеке куәлік, ұялы телефон нөмірі және электрондық пошта (қалау бойынша) мекенжайы талап етіледі", - делінген хабарламада.
Дисконттық карта бойынша жеңілдіктер билет кассаларында немесе bilet.railways.kz сайты арқылы билет сатып алынған жағдайда ғана қолданылады. Екінші деңгейлі банктердің платформалары арқылы сатып алынған билеттерге жеңілдіктер қарастырылмайды.
Жеңілдіктер жыл сайын белгіленген кезеңде ұсынылады. Алайда мерекелік және каникул уақытында дисконттық карталардың қолданылуы тоқтатылады:
2026 жылғы 20-29 наурыз аралығы;
2026 жылғы 25-30 желтоқсан аралығы;
маусым-тамыз айлары.
Оймақ
Қазақстан және шетел ақпараттарын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.






