Ақ үй басшысының сөзінше, АҚШ сақтық үшін сол бағытқа қарай көптеген кемені бағыттап жатыр.
"Иранға қарай ірі әскери күштер жіберіліп жатыр. Біз ол жақты бақылап отырмыз" деп нақтылады Трамп БАҚ өкілдеріне Air Force One ұшағының бортында.
Америка көшбасшысы бұл күштерді "армада" және "алып флот" деп сипаттағанымен, оларды қолдануға тура келмеуі мүмкін екенін жасырмады.
AFP агенттігінің жазуынша, өткен аптада Трамп Иранға соққы беру туралы қоқан-лоққыдан бас тартқан еді. Бұған Ақ үйдің "Тегеран билігі наразылық акцияларына қатысқан демонстранттарға қатысты жоспарланған жазаларды уақытша тоқтатты" деген мәлімдемесі себеп болған.
Сәрсенбіде Иран билігі өткен жылдың соңынан бері елді қамтыған наразылықтар салдарынан адам өлімі тіркелгенін алғаш рет ресми түрде мойындады. Ресми дерекке сай, қақтығыстар кезінде 3117 адам қаза тапқан. Ал құқық қорғау ұйымдарының мәлімдеуінше, шынайы құрбандар саны бұдан әлдеқайда көп болуы мүмкін.
Оймақ
Қазақстан және шетел ақпараттарын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.






