сәрсенбі, 14 қаңтар, 2026 18:07

Қазақстан және шетел ақпаратын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.

Байланыс

Алаяқтық тұрғын үйлерге жетті

Алаяқтық тұрғын үйлерге жетті
Polisia.kz
Пәтер жалдаушылар сақ болғаны жөн.

Тұрғын үйді жалға беру сылтауымен жасалатын интернет-алаяқтық фактілері жиі кездеседі. Әсіресе әлеуметтік желілерде, мессенджерлерде және хабарландыру сайттарында жарияланатын “бағасы арзан”, “шұғыл жалға беріледі”, “иесі қалада жоқ”, “төлем жасап қоймасаңыз, басқа адам алып қояды” деген ұсыныстардан сақ болған жөн.

Алаяқтар өздерін пәтер иесі немесе риелтор ретінде таныстырып, тұрғын үйді көрсетпей-ақ алдын ала төлем жасауды талап етеді. Төлем жасалғаннан кейін байланыс үзiледі, көрсетілген пәтер мүлде жоқ немесе бөтен адамға тиесілі болып шығады.

Мұндай жағдайға тап болмас үшін пәтерді көзбен көрмей және меншік құқығын растайтын құжаттарды тексермей ешқашан ақша аудармаңыз. Міндетті түрде жазбаша келісімшарт жасаңыз.

Оймақ
Автор

Оймақ

Қазақстан және шетел ақпараттарын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.

Ұқсас жаңалықтар