сейсенбі, 13 қаңтар, 2026 16:19

Қазақстан және шетел ақпаратын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.

Байланыс

Павлодарда бірнеше көшені су басып қалды

Павлодарда бірнеше көшені су басып қалды
фото: скрин
Қала әкімдігі апат болған аумақта ақауды қалпына келтіру жұмыстарын жүргізіп жатқанын хабарлады.

Павлодар қаласының бір көшесінде орталық су жүйесіне тиесілі магистральдық құбыр жарылып, бірнеше көшені су басып қалды, деп хабарлайды Oimaqnews.kz turkystan.kz. сайтына сілтеме жасап.

Қала әкімдігі апат болған аумақта ақауды қалпына келтіру жұмыстарын жүргізіп жатқанын хабарлады. Жөндеу аяқталғанға дейін тұрғын үйлердің бір бөлігі уақытша ауызсусыз қалады.

«Толстой және Мәшһүр Жүсіп көшелерінің қиылысындағы су құбырының 500 мм диаметрі зақымданғаны анықталды. Аталған авариялық учаскеде зақымданған жерлерді жою жұмыстары жүргізіліп жатыр. Бүлінген келген жерлердің барлығы қалпына келтірілгенше үйлердің біраз бөлігі суық судан ажыратылады», - делінген хабарламада.

 

Оймақ
Автор

Оймақ

Қазақстан және шетел ақпараттарын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.

Ұқсас жаңалықтар